Америка соты өзбекстандық азаматты соттады

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Америка соты Өзбекстан азаматына АҚШ Президенті Барак Обамаға қастандық ұйымдастырмақ болды және атыс қаруын заңсыз алып жүрді деген айып тақты,

Америка соты  өзбекстандық  азаматты  соттады

деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Тергеудің мәліметі бойынша, 21 жастағы Улугбек Кодиров бірнеше рет Обаманың атына қоқан-лоққы білдірген көрінеді.

Айыпталушы 13 шілдеде Алабама штатында қару сатып алып тұрған жерінде тұтқындалған. Кодиров, 2010 жылдың сәуір айында студенттік визасының күші тоқтатылғаннан бері АҚШ-та заңсыз тұрып келген.