Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Америка жаңа екі атом бомбасын сынақтан өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жаңғыртылған B61-7 және B61-11атом бомбаларын сынақтан өткізу сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Америка жаңа екі атом бомбасын сынақтан өткізді

АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың (NNSA) хабарлауынша, B-61 бомбасы негізінде жасалған, ядролық оқтұмсықтары жоқ екі ату жарағы В-2A көзге көрінбейтін бомбалаушылардан Невада штатындағы Тонола полигонына тасталды. «Құрылғылардың анализі мен борттағы өздігінен жазу құралдарының мәліметтері екі сынақтың да сәтті өткенін айғақтады», - делінген хабарламада.

NNSA АҚШ әскери әуе күштерімен бірігіп өткізген сынақтарының негізгі мақсаты жетілдірілген бомбалардың сенімділігі мен нақтылығын анықтау болғанын атап өтті. Жетілдірілген атом бомбаларының алдыңғы сынақтары 2015 жылы қараша айында өткен болатын.