Америкада 12 жасар қыз жаңылысып кетіп жартылай марафонды жүгіріп өткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 сәуірде 12 жастағы Лиадинез Родригес (LeeAdianez Rodriguez) Нью-Йоркте жартылай марафон аясында бес шақырым қашықтыққа жүгіруге тіркелген. Ол жарыстың 15 минут уақытынан жаңылысып, жартылай марафон қатысушыларымен бірге ұзақ қашықтықты жүгірген. Бұл туралы athletics-club.ru сайты хабарлайды.
Қыздың айтуынша, жүгіруді сәтті аяқтаған ол өзінің қателескенін орта жолға жеткенде бір-ақ түсінген, алайда соңына дейін жүгіріп мәреге дейін жету жөнінде шешім қабылдаған. Нәтижесінде америкалық 2 сағат 43 минутта жоспарланғаннан 17 шақырымға артық жүгірді.
Анасы бес шақырымдық қашықтықтағы мәреде қызын көрмеген соң, полиция шақыртқан. Офицерлердің бірі кейінірек оған медаль алып жатқан қызын тауып берген.
Еске сала кетсек, жартылай марафонның қашықтығы - 21 км 95,5 м.