Америкада 15,6 мың жыл бұрынғы адам ізі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкада ғалымдар 15,6 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның ізін тапты. Бұл туралы CNN басылымы жазды.

Америкада 15,6 мың жыл бұрынғы адам ізі табылды

Басылымның жазуынша, бұл жаңалық Америкада алғашқы адамдар ғалымдар ойлағаннан да ертерек пайда болғанын көрсетеді.

«Палеонтологтардың айтуынша, ichnofossil немесе ichnite деп аталатын із ежелгі адамға тиесілі. Жердің беткі қабатында сақталып қалған бұл із Чили қаласында Пилауко аралында 2010 жылы табылған. Сол уақыттан бері ғалымдар он жыл бойы іздің қай кезеңге тиісілі екенін анықтау үшін көптеген зерттеу жүргізді. Ол жерге жақын маңда мастадонт секілді ежелгі жануарларрдың сүйектері табылса да, ғалымдар командасы бұл із адамға тиесілі екенін анықтады. Сонымен қатар сол жерге жақын маңда тас құралдардың табылуы ғалымдардың бұл пікірін нықтай түсті», деп жазады басылым.
null

Автордың айтуынша, Пилауко жері Монте-Верде атты танымал археологиялық ескерткіштен 100 шақырым жерде орналасқан. Бұл жаңалық Пилауко жерінде ежелгі адамда 13,5 мың жылдан да ертерек болғанын көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, ежелгі адамдар 16 мың жылдан да ертерек уақытта Азиядан қайықпен Тынық Мұхиты арқылы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға барған.