Америкада 60 келілік алып асқабақ әлем рекордын орнатты

Демалыс күндері Вирджиния штатында болған жәрмеңкеде көкөністерді өлшеу кезінде салмағы 60 келіге жуық алып асқабақ әлем рекордын орнатты. Асқабақты эмисвилдік Джейсон Лорис өсірген. ҚазАқпарат бұл туралы USA TODAY басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

әлем рекорды
Фото: Фото:Facebook State Fair of Virginia

Бүгін Вирджиния штатындағы жәрмеңкеде алып көкөністерді өлшеу кезінде жаңа әлем рекорды тіркелді, - делінген штаттың Facebook-тегі хабарламасында.

Жәрмеңкеде қарбыз, асқабақ, ұзын асқабақ пен қызанақ сынды жеміс-жидектер мен көкөніс түрлері бойынша тағы бірнеше жеңімпаз анықталды. Спотсильвания тұрғыны Хэнк Хьюстон мен Калпепер тұрғыны Пол Джарош асқабақтың ең ұзын түрлері бойынша жәрмеңке рекордын орнатты.