Америкада алғаш рет бұқалармен бірге жүгіру жарысы өтті. ВИДЕО

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вирджиния штатында алғаш рет бұқалармен бірге жүгіру жарысы өтті.

Америкада алғаш рет бұқалармен бірге жүгіру жарысы өтті. ВИДЕО

Бұл сайыс Испанияның Памплона фестивалінің америкалық нұсқасы болып табылады. Осы қызықты тамашалауға 5 мыңнан астам көрермен жиналған. Зәресі ұшқан 500 адамнан тұратын 8 топ аласұрған жануардан 400 метрлік жолмен қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды 24.kz

Памплонада өтетін Сан-Фермин фестивалінде дәстүрге айналғандай, АҚШ-тың сайыскерлері де қызыл бөкебай мен ақ киімге оранған. Жалпы 2014 жылға дейін АҚШ бойынша мұндай жарыстардың тағы 9-ы өткізілмек. Бұқалармен жүгіруден басқа Испаниядан басқа да сайыс, фестиваль дәтүрге енген. Құтырған жануарларды қашауға кіргізудің соңы атақты Томатина фестиваліне ұласты. Бұл жарыс кезінде қатысушылар бір-біріне 50 мың қызанақты лақтырған.