04:23, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Америкада ауа температурасы 50 градусқа жетіп, рекорд орнатты
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-тың батыс аймағында ауаның температурасы 50 градусқа жетіп, рекорд орнатты. Билік өкілдері тұрғындарға ыстық күн астында көп жүрмеу керектігін ескертті.
Лас-Вегаста кондиционерсіз пәтерде өмір сүрген егде жастағы ер адам күннің ыстығынан қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.
Соңғы уақытта күннің аптап ыстығы Калифорния, Невада және Аризонның оңтүстік аймағында күшейді. Бүгін ауа температурасы 57 градусқа дейін жоғарылап, рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Соңғы рет мұндай ауа райы осыдан 100 жыл бұрын Калифорниядағы Өлім даласында тіркелген болатын.