14:34, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Америкада әйел кеңсе ғимараттарында қарудан оқ жаудырған
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Джорджия штатындағы Атланта қаласында әйел адам кезегімен екі ғимаратқа кіріп, қарудан оқ атты. Салдарынан бір адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Оқиға ғимараттар мен қонақүйлер орналасқан Атланта қаласының Колония алаңында, орталыққа жақын жерде болған.
Алдымен әйел ғимараттардың бірінен кіріп, резиденцияны басқару кеңсесіне бірнеше рет оқ жаудырған. Қарулы шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.
Одан кейін ол бірнеше квартал жердегі биік кеңсе ғимаратына кіріп, бір адамды жарақаттады.
Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы белгісіз.
Полицияның мәліметінше, күдікті қашып кеткен. Полицияны оны Атлантаның «Хартсфилд-Джексон» халықаралық әуежайында ұстады.
Фото: www.dailymail.co.uk