Америкада екі пошташы хаттарды иелеріне жеткізбегені үшін сотталуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айыпталып отырған пошта қызметкері қараша айында Нью-Йорк қаласының Квинс бөлігіне ауыстырылған. Алайда, бұл бағытта жеткізілуі тиіс құттықтау хаттар мен сыйлықтар көп болып шығады. Жаңа қызметкер өз міндетін атқарудың орнына хаттарды қапқа салып қоқыс жәшігіне тастап отырған, деп хабарлайды newsru.com сайты.
None
None

Қазір 25 жастағы Даниэль Дарбидің ісі сотта қаралуда. Жауапсыз қызметкер «хаттарды жойды және оларды дер кезінде жеткізбеді» деп айыпталып отыр. Өйткені, оның қоқысқа тастаған хаттар мен сәлемдеме қораптары екі күннен кейін табылған. Пошташы кейбір сәлемдемелердің ішіндегісін алып қойғаны белгілі болды, деп жазады Нью Йорк пост газеті.

Осы кезде Бруклин соты да хатпен жіберілген банк карталарын және 100 мың АҚШ долларын ұрлаған тағы бір пошташының ісін қарап жатыр.

Джеймс Хейден хаттарды ашып, ішіндегі сыйлық карталарын алып қойғанын мойындап отыр. Оның қылмысы Visa картасын ұлына жіберген келіншектің шағымынан кейін ашылған. Полиция келіншек көрсеткен картаның нөмірін тексергенде пошташы ондағы ақшаға дүкеннен зат сатып алғанын анықтап, дүкендердің бірінен бейнебақылау камерасындағы айғақ видеоны тапқан. Полиция кейін оның үйін тінту барысында осындай банк карталары толы әмиян тапты.

Америка поштасының екі қызметкеріне заң бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру және 250 мың доллар айыппұл салу қарастырылған. Дарби 50 мың доллар кепілмен босатылды, Хайденге 75 мың доллар кепіл беру міндеттелді. Айыпталушылар мен олардың адвокаттары түсіндірме беруден бас тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар