Америкада қазақстандықты өлтіріп, ақталып шыққан бұрынғы полицейдің ісі қайта қаралуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Америкада қазақстандық Кирилл Денякинді өлтіріп, ақталған полицей жақында осындай қылмысы үшін 2,5 жылға сотталған полицей егер жаңа мән-жайлар ашылса, сот алдына қайта келуі мүмкін, деп санайды адвокат Айман Омарова.

Америкада қазақстандықты өлтіріп, ақталып шыққан  бұрынғы полицейдің ісі қайта қаралуы мүмкін

«Егер жаңа мән-жайлар анықталса, іс қайта қаралуы мүмкін. Мұндай істер әрдайым қайта қаралады. Бұл барлық елде бар, оның ішінде Америкада да. Алайда қайта қарау қалай жүргізілетінін білмеймін, себебі америкалық құқық   маманы емеспін», - деді А. Омарова.

Бұрын хабарланғандай, бұрынғы полицей Стивен Рэнкинге америкалық жасөспірім Уильям Чэпменді қасақана өлтіргені үшін АҚШ-та алқабилер соты 2,5 жылға түрмеге қарау үкімін шығарған.

12 адамнан тұратын алқабилер соты (7 әйел, 5 ер адам) Рэнкинді қасақана кісі өлтіргені үшін айыпты деп таныды. Аталмыш бапта бұрынғы полицейді  10 жылға дейін түрмеге қамау көзделген, алайда, нәтижесінде,  оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі ұсынылды.

Қазақстандықтың анасы Елена Денякина АҚШ-қа сотқа қатысу үшін келді, ол «жазатайым жағдай бойынша құрбысы» - қаза тапқан жасөспірімнің анасы Сали Чэпменді  қолдамақ.

Еске салсақ, Уильям Чепмэнді өлтіру америкалық полицейдің мансабындағы кісі өлімімен аяқталған екінші жағдай, 2011 жылы сәуірде Стивен Рэнкин қазақстандық Киоилл Денякинді өлтірді. Оның екі құрбаны да қарусыз болған. Ол кезде қорғаныс ретінде түсіндіріп, Рэнкиннің айыбын алып тастады.

Туыстарының айтуынша, Кирилл АҚШ-қа  «Work & Travel» бағдарламасы бойынша кеткен. Сосын қонақүйде аспаз болып жұмыс істеуге қалған. Алқабилер сотының шешімімен Қазақстан азаматы Денякинді өлтіру ісі жабылған. Денякиндер отбасының мүддесін екі америкалық адвокат қорғаған. Азаматтық талапарызда жалпы сомасы 22 млн доллар материалдық және моральдық шығын мәлімделген.