Америкада метеорит құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мэн штатының полицейі өзінің автомобиліндегі видеорегистраторға құлап бара жатқан метеоритті түсіріп алған. Метеорит штаттың солтүстік батысындағы орманға құлады деген болжам бар. Ол құлағанда болған жарық бірнеше штаттан көрінді.
АҚШ әскери-теңіз обсерваториясының офицері метеорит өлшемін тоңазытқыштың көлеміне теңеді.
Maine Mineral & Gem Museum минералогия музейі метеориттің жарықшағын тапқанға 20 мың доллар көлемінде сыйақы беруге уәде берді, деп жазды «The Associated Press».