Америкада полицей кинотеатрда тыныш отырмаған адамды атып өлтірді
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Флорида штатында кинотеатрда көрермендер арасында туындаған жанжал атыспен аяқталды.
Салдарынан бір адам қаза болды, тағы біреуі жарақат алды. Күдікті ретінде полицияның бұрынғы қызметкері 71 жастағы Кертис Ривз ұсталды. Утро. ру порталының хабарлауынша, фильм басталғанша марқұм жігіт 3 жасар қызына телефон арқылы хабарлама жібермек болады. Кино қарағанда артық шуды жақтырмайтын артында отырған Ривз одан телефонын өшіріп қоюды өтінген. Алайда ол оған мән бере қоймаса керек. Содан араларында жанжал туып, полиция қызметкері тапаншасын алып шығып, ата бастайды. Нәтижесінде ер адам сол жерде жан тапсырды, ал оның әйелі ауыр жарақат алды.