Америкада тіпті заңгерлердің арасында жұмыссыздық өсуде
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-та дағдарыс жағдайында тек құрылысшылар мен қаржыгерлерге ғана емес, тіпті заңгерлерге де сұраныс азайып барады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заңгер ? Құрама Штаттарда кешеге дейін ең жоғары ақы төленетін және сұраныс көп мамандықтардың бірі болып келді. Еңбек департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2007 жылы адвокаттың орташа жалақысы жылына 118 мың долларды немесе сағатына 56 долларды құрайтын. Ел тарихында тіпті экономикалық қиын-қыстау уақыттарда заңгерлік қызметке деген сұраныс жоғары болған жылдар бар. Дегенмен былтыр бұл мамандық бойынша жұмыссыздар саны 66 пайызға артып, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен. Ал ағымдағы жылдың басынан бері тек қана ірі компаниялардың өзі 3 мыңнан астам заңгерді жұмыстан босатқан. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш, басқа мамандықтармен салыстырғанда онша көп емес. Мысалы, 2008 жылы өндірістік сектордың 945 мыңдай жұмысшысы және құрылыс бизнесінің 1 миллионнан астам өкілі жұмыссыз қалды. Ағымдағы жылдың наурыз айында АҚШ-та жұмыссыздардың жалпы саны 13 миллионға жетті.