Америкада үйлердің бағасы 2003 жылғы деңгейге түсті

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Америкада үйлердің бағасы 2003 жылғы деңгейге түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ассошиейтед агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ-тың үлкен 20 қаласындағы екінші рыноктағы Case-Shiller Home Price бағасының индексі көрсетіп отырғандай, мегаполистердегі үйлердің жартысы 2006 жылы аспандаған бағаның 20 пайызға шамасын жоғалтып отыр. Күрт құлдырау 2008 жылдың төртінші тоқсанында байқалған. Наурыз айында АҚШ әкімшілігі үй иелеріне көмек көрсету жоспарының бүге-шігесін жария етеді. Б.Обаманың мәлімдемесі бойынша, банктерге үйлердің ағымдағы нақты құнының 105 пайыздан кем емес құнын берешек болып отырған 5 миллионға жуық адал ипотекалық заемшылар несиелерін төмен пайыздық ставка бойынша қайта қаржыландыра алады. Moody?s агенттігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 14 миллиондай американдық үй иелері ипотекалық заемдар бойынша үйлерінің қазіргі рыноктағы бағасынан асып түсетін ақша төлеулері керек.
Соңғы жаңалықтар