Америкаға сапары мүгедектікпен аяқталған Лаура Тағашева көмекке мұқтаж

НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Америкаға сапары мүгедектер арбасына таңылумен аяқталған Лаура Тағашева көмекке мұқтаж. Лаура балаларды асырап алумен айналысатын компанияда жұмыс істеп жүрген кезінде, американдық Хавардстар отбасы оған Қазақстаннан асырап алынған балалар үшін аудармашы болу туралы ұсыныс жасайды.
None
None
Отбасындағы бас көтерері, асыраушысы болған ол осылайша мұхиттың арғы бетіне аттанады. Қазақстанда Лаураны екі жасар қызы, 13 жасар сіңлісі мен анасы күтіп қалады. 2007 жылы тамыздың 4-інде Америкада Лаура желкесінен келіп ұрып, мойын сүйектерін сындырған белгісіз қылмыскердің құрбаны болады. Жалдап тұратын бөлмеден қалай шыққаны ғана есінде. Есін жиған кезде, денесін қимылдата алмай қалады. Көзін ашқанда, аулада жатқан оған үрпие қарап тұрған үйдің иесін, оның өзге пәтер жалдаушыларды үркітіп аламын деп, «911» қызметін шақырудан бас тартып тұрғанын көреді. Роберт Хавардс араласқаннан кейін үй иесі көмек шақыруға ақыры келісіп, аулаға Жедел жәрдем келеді. Оқиға Нью-Йорк штатындағы Порт-честер қаласында болған. Қылмыскер әлі күнге дейін табылмай отыр, іс бойынша тергеу әлі жалғасуда. Бастапқы медициналық тексеру, Лаураның жұлыны үзіліп кеткенін көрсетеді. Оны дәрігерлер жасанды тыныс беру және қолдан тамақтандыру аппаратына қосады. 13 сағатқа созылған операция төртінші, бесінші және алтыншы омыртқаны титан қапсырмалармен бекітуге мүмкіндік береді. Одан кейін Лаура бір ай реанимацияда жатады. Оңалту орталықтары медициналық сақтандырусыз пациентті қабылдаудан бас тартады. ҚазАқпарат тілшісімен болған әңгімеде Лаура қиын кезеңде көмектескен Дженифер мен Роберт Хавардстарға ризашылығын білдірді. Олар Лаураға медициналық сақтандыру қағазын рәсімдеп және оның анасы мен сіңлісінің АҚШ-қа келу жолақысын төлеп берген екен. Олар қайырымдылық шара ретінде Лаураға екі айға пана беруге келіскен «Берк» оңалту орталығын іздеп тапты. Ол орталықта Лаураға өз бетімен тамақтануға және мүгедек арбасын жүргізе алуға көмектесетін арнаулы жабдықтарды пайдалану үйретілді. Бірақ оның сауығу үрдісі баяу жүруде. Оңалту орталығынан кейін Лаура АҚШ-тағы қауқарсыз науқастарға арналған ең арзан орын - қарттар үйіне жайғастырылды. Онда Лаура 9 ай жатты және ол жасы 70-ке дейінгі жалғыз пациент болды. Хавардстар отбасы Лаура үшін пәтер жалдап, оны арнайы жабдықтап берді. Айлық төлемі 1 400 долларға тең пәтерақыны «Индепендент ливинг» қайырымдылық ұйымы төлеуі керек болатын. Бірақ қаржы әлі түскен жоқ. Дженифер мен Роберт Хавардстың тарапынан да көмек тоқтады. Лаура туыстарымен осы пәтерде өткен жылдың тамыз айынан бері тұрып келеді. Отбасының жалпы кірісі 408 долларды құрайтын мемлекеттік көмек қана, бұл қаржы тамаққа әрең жетеді. Лаураның шетел азаматы ретінде ешқандай қосымша әлеуметтік төлемге құқығы жоқ. Нәтижесінде ол тұратын пәтердің жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдері бірнеше ай бойы төленбей отыр. Ең үлкен проблема - Лаураның туыстарының АҚШ-та жүріп-тұруын заңдастыру мәселесі болып отыр. Қазіргі уақытта олардың туристік визасының мерзімі аяқталып келеді, ал оны ұзартуға жергілікті билік келісім бермей отыр. Лаураның айтуынша, егер анасы жұмыс істеуге құқық беретін виза алса, онда сақтандыру компаниясы оған Лаураны күтіп-баптағаны үшін ақша төлей алады екен. Ал қазір АҚШ заңы бойынша, Лаураның анасы қауқарсыз қызын жалғыз қалдырып, елден кетуі керек. Тығырықтан шығудың бірден-бір жолы - Қазақстанға қайтып келу. Бірақ Лаура ағза жұмысын қамтамасыз ететін аппараттарға байлаулы, сол себепті оны тасымалдау мүмкін емес. Оған қоса оңалту шараларын жалғастыру, тұрақты медициналық көмек көрсету және қымбат дәрілер керек. Лаура мүгедек арбасында отырғанына қарамастан, өзінің кішкентай қызы үшін жауапкершілікті сезініп отыр. Лаура АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі көптеген адамдар сияқты жұмыс табуға үмітті. Ол аударма жасауға әзір және саусақтарын қозғалту мұң болғандықтан, ауызша аударма жасайтын аспап сатып алғысы келеді. Лаура - қазір 28 жаста. Оның жұлын қызметін қалпына келтіру үшін - бірнеше ондаған мың доллар тұратын операция қажет. Сырқат кезінде Лаураға Нью-Йоркта тұратын қазақстандықтар, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Қазақстан Консулдығының қызметкерлері көмектесіп келді. Қолдаулары үшін Лаура оларға алғыс айтып отыр. Ол сондай-ақ туыстарының екінші рет келу сапарына ақша жинап берген «Нью Хоуп Феллоушип» шіркеуіне және ағылшын тілінің оқытушысы Роберт Николсқа алғысын жеткізуді өтінді. Қазақстаннан бала асырап алған Сюзан Гросман деген әйел Лаураны Манхэттендегі арнайы оңалту орталығына жайғастыруға көмектескен. Лаура мен оның кішкентай қызының тағдыры дәпігерлердің шеберлігіне, американдық әділ соттың шешіміне, оның туыстарының табандылығына және біздің көрсете алар жәрдемімізге байланысты. Көмек керек. «Bank of America» банкіндегі есепшот: №4830 1688 3579, Routing # 026009593, Wire transfer routing # 026009593, Swift: bofaus3n. Банк мекен-жайы: NY5-324-01-01433 Boston Post Rd, Port Chester, NY, US 10573. Алушы - Мадина Тағашева. «Казкоммерцбанктегі» есепшот: №4405 6452 1428 7836. Алушы - Исабекова Лейла Оразқызы ? Лаураның сенімді тұлғасы. «Халық банкіндегі» есепшот: №4402 5735 1003 8294. Алушы - Исабекова Лейла Оразқызы.
Соңғы жаңалықтар