Америкалық әскери ұшақтар Кувейтте апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға Парсы шығанағындағы шиеленістің жалғасуы аясында болды, деп хабарлайды Kazinform-ның Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.
Кувейт Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні елде бірнеше америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, экипаждың барлық мүшесі аман.
– Бүгін таңертең бірнеше америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады. Экипаждың барлық мүшесі аман қалғанын растаймыз, - деп мәлімдеді Кувейт Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Саид әл-Атван.
بيان رقم 7
— KUWAIT ARMY - الجيش الكويتي (@KuwaitArmyGHQ) March 2, 2026
صرّح الناطق الرسمي باسم وزارة الدفاع بأنه في صباح هذا اليوم سقطت عدد من الطائرات الحربية الأمريكية، مؤكداً نجاة أطقمها بالكامل.
وأوضح أن الجهات المختصة باشرت فوراً إجراءات البحث والإنقاذ، حيث تم إخلاء الأطقم ونقلهم إلى المستشفى للاطمئنان على حالتهم الصحية وتقديم… pic.twitter.com/HYX3LGqEX1
Оның айтуынша, билік дереу іздеу-құтқару операциясын бастап, ұшқыштарды апат орнынан эвакуациялап, медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Оқиғаның себебі тексеріліп жатыр, ал Кувейт билігі америкалық тараппен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Бейнежазбада АҚШ-тың Кувейттегі Әли-әл-Салем әуе базасынан 10 шақырымнан аз қашықтықта F-15 деп шамаланып отырған жойғыш ұшақтың құлағаны көрсетілген.
Footage of an F-15 falling out of the sky this morning over Kuwait, in an apparent “friendly fire” incident involving the U.S. Air Force. pic.twitter.com/GQvryfJ4C4
— OSINTdefender (@sentdefender) March 2, 2026
🚨 At least 1 pilot was able to eject before the fighter jet crashed. https://t.co/tyNQeZ4Mvl pic.twitter.com/CasOVNq6lu
— Breaking911 (@Breaking911) March 2, 2026
Жарияланым пайда болған кезде Пентагон немесе АҚШ Орталық қолбасшылығы тарапынан ресми түрде ешқандай түсініктеме берілген жоқ.
Оқиға Иранмен күшейіп келе жатқан қақтығыс аясында аймақта жалғасып жатқан әскери әрекеттер кезінде болды. АҚШ-тың Кувейттегі елшілігі бұған дейін зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатын басқа да шабуылдардың жалғасу қаупі туралы ескертіп, азаматтарға күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
Бұған дейін АҚШ Иранға қарсы әскери операция жүргізу үшін Таяу Шығыстағы авиабазалар мен Еуропаға 150 әкери ұшақ жібергенін жазған едік.