Америкалық сот шетелдік мамандар үшін визалық алымды жойды

АСТАНА. KAZINFORM - Федералды судья АҚШ президенті Дональд Трамптың жоғары білікті шетелдік жұмысшыларға арналған жаңа H-1B визаларына 100 мың доллар алым салу туралы шешімін жойды, деп хабарлайды NBC News.

Американский суд аннулировал визовый сбор для иностранных специалистов
Фото: tilimmigration.com

Бостондағы АҚШ округтік судьясы Лео Сорокин Демократиялық партияның штаттардағы 20 бас прокуроры Трамптың қыркүйек айында жариялаған алымына қарсы берген талап арыз бойынша шешім шығарды. Судья оның Конгресс мақұлдамағанын, заңсыз алым болғанын қаулы етті.

H-1B бағдарламасы жылына 65 мың виза, сондай-ақ жоғары білімі бар жұмысшыларға қосымша 20 мың виза беруді қарастырып отыр. Визалар үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге беріледі. Трамптың жарлығына дейін шетелдік жұмысшылар визасына өтініш берген жұмыс берушілер түрлі факторларға байланысты әдетте 2 мыңнан 5 мың долларға дейін төлейтін.

Сот құжаттарына сәйкес, алымдардың өсуі H-1B визасына өтінімдер санының азаюына әкелді. Әкімшіліктің наурыз айында хабарлауынша, 15 ақпандағы АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметіне 100 мың доллар көлемінде небәрі 85 төлем алды.

Осыған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті іскерлік және туристік визаларды жедел рәсімдеуге арналған ақылы қызметті іске қоспақ екенін жаздық.

Сондай-ақ АҚШ-та грин-картаға өтініш беру тәртібі өзгеретіні хабарланды.