Америкалық әскерилер ең алып бомбаны сынақтан өткізгені бейнеленген видеоны жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Әскери-әуе күштері ең қуатты ядролық емес GBU-43/B бомбасын сынақтан өткізгені бейнелген видеоны жариялады , деп жазады РИА Новости.

Америкалық әскерилер ең алып бомбаны сынақтан өткізгені бейнеленген видеоны жариялады

Әскери сынақ 2003 жылы өткізілген, алайда бұл видео 13 сәуір күні АҚШ-тың Ауғанстандағы ДАИШ нысандарына қуатты ядролық емес бомба тастағанынан кейін пайда болды. Салмағы 9,5 тонналық жарылғыш зат MC-130 ұшағынан лақтырылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл әрекетті «өте сәтті тапсырма» деп атады.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың қарулы күштерінде осындай 15 бомба бар.