Америкалық астронавт ғарышта жүріп дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасы экипажын басқаратын америкалық астронавт Роберт Шейн Кимброу президенттік сайлауға ғарыштан дауыс берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Новости космонавтики» басылымына сілтеме жасап.

Америкалық астронавт ғарышта жүріп дауыс берді

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің деректеріне сәйкес, дүйсенбіде Халықаралық ғарыш стансасында Кимброу сайлау бюллетенін толтырды.  Біз хабарлағандай, байқоңырда баспасөз конференциясында ұшар алдында ол тәжірибесі ерекше болатынын айтқан.

Белгілі болғандай, Техас штатының 1997 жылғы заңы америкалық астронавттарға ғарыштан дауыс беруге мүмкіндік береді, өйткені NASA астронавттары штаттағы ірі Хьюстон қаласының тұрғындары.