Америкалық астронавтар орыс тілін меңгеретін болды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Америкалық ғарыш мекемесі (НАСА) барлық болашақ астронавтардан ашық ғарышқа шығу әрекеттерін жетілдіру мен ғарыш кемесін ұшыруды үйрену жаттығуларынан бөлек, орыс тілінде сөйлей және жаза білулерін талап етуде.
НАСА-да кандидаттарды астронавтыққа дайындау қызметіне жауап беруші Дуэйн Росстың айтуынша, ғарыш мекемесінің жаңа талаптарына сәйкес, енді барлық астронавтар орыс тілін білуге міндетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Ресей ғарыш агенттігімен тығыз серкітестігімізге байланысты енді барлық америкалық астронавтар орыс тілінде сөйлей білулері керек», - деп түсіндірді Росс Fox News телекомпаниясына берген сұхбатында.