Америкалық әуе апаты салдарынан ата-анасынан айырылған балаларға 300 мың сом аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 жылдан бері Америкада тұрып жатқан Қырғызстан тумасы Валерий Федоренко Дача СУ ауылында орын алған қайғылы жағдай салдарынан ата-анасыз қалған балаларға 300 мың сом (1,4 млн тенге) берді, деп хабарлайды KABAR. 

Америкалық әуе апаты салдарынан ата-анасынан айырылған балаларға 300 мың сом аударды

«Көмектесу оңай» қоғамдық қорының атқарушы директоры Динара Аляева хабарлағандай, бұл қаржыны www.gofundme.com краудфандингтік платформада Федоренконың жанкүйерлері жинаған.

«Сұлтан Абакиров пен Жакшылык Шералиевтың - әуе апаты кезінде ата-анасынан айырылған екі баланың атасына 97 мың сомнан берілді. Сонымен қатар, анасын жоғалтқан Н. Мирлан улу 97 мың сом алды», - деді Динара Аляева.

Қаржылар балалардың шоттарына аударылды. Бұл ақша кәмелеттік жасқа толғанға дейін қолданылмайтын болады.

Еске салайық, 2017 жылдың 16 қаңтары күні Қырғызстанда «Боинг-747» жүк ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған ауылдың тұрғындары зардап шекті. Барлығы 39 адам, соның ішінде экипаждың 4 мүшесі қаза тапты.