Америкалық әйел ұрыны ойыншық тапаншамен қорқытып, үйінен қуып шыққан

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Флорида штатының тұрғыны Джейн Рэйнбот үйіне түскен ұрыны ойыншық тапаншамен қорқытып, қуып шыққан, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Корреспондент.net

Америкалық әйел ұрыны ойыншық тапаншамен қорқытып, үйінен қуып шыққан

27 жасар Роланд Стюарт арам пиғылмен үйге кіргенде, үй иесі ұйықтап жатқан. Кенеттен ұйқыдағы әйел оянып, бөлмесінде бөтен адам жүргенін көреді. Сасқанынан қасында жатқан ойыншық тапаншаны алып, ұрыны қорқытқан көрінеді.

Содан ұры қашып кеткен. Жергілікті полиция өкілдері оны жақын маңдағы тоғай ішінен тапты.