Америкалық азамат мысығының тұмсығынан жылан шығарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Калифорния штатының тұрғыны кішілеу өлі жыланды мысығының тұмсығынан шығарып алды. Бұл туралы UPI агенттігі хабарлайды. 

Америкалық азамат мысығының тұмсығынан жылан шығарып алды

Америкалық қайта-қайта түшкіре берген мысығынан мұрнынан бірдеңенің салбырап тұрғанын көреді. Оны өрмекші немесе құрғақ жапырақ деп ойлайды, алайда жақындап қараған кезде оның кішілеу жылан екендігін байқайды.

«Шамасы, оны ұстаған мысық жей бергенде, жылан қарсылық танытқан болуы керек», - деп түсіндірді ер кісі журналистерге.

Жылан жанталаса оның танауына қарай жылжыған. Нәтижесінде мысық өзінің ұстаған жемтігін жей де, одан құтыла да алмай қалған. 

?wmode=transparent" frameborder="0" allowfullscreen>