Америкалық БАҚ: «Мейвезер спорттық мансабындағы соңғы кездесуінде Головкинмен шықса, өз беделін үлкен тәуекелге тігеді»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың BleacherReport.com сайты Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін талқыға салды, сондай-ақ америкалықтың спорттық мансабындағы соңғы айқасына онымен шығуы мүмкін қарсыластарды санамалап шықты. Олардың бірі және бірегейі орта салмақтағы WBA/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин болды, деп хабарлады Sports.kz.
Халық Геннадий Головкинді таңдауы мүмкін. Қазақстандық жеңімпаз 32 кәсіби жекпе-жектің 29-ын нокаутпен ұтты. Liverpool Echo сарапшысы Грег Окиф Головкиннің ерекше техникалық шеберлікті меңгергендігін айтып өтті.
«Қазіргі беделін тәуекелге салып, Мейвезер соңғы жекпе-жегін Головкинмен өткізетін болса, Геннадий осал қарсылас болмасы анық», - деп жазады сайт.