Америкалық БАҚ: Сирияда операция кезінде басына 7 млн. доллар тігілген «ИМ» басшыларының бірі өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жоғары жетекшілерінің бірі Сирия аумағындағы АҚШ әскерінің операциясы барысында өлтірілді, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Америкалық БАҚ: Сирияда операция кезінде басына 7 млн. доллар тігілген «ИМ» басшыларының бірі өлтірілді

NBC арнасының ақпаратына сәйкес, Абдул Рахман Мустафа әл-Кадули мен Хаджи Имам атымен танымал содыр наурыздағы операция барысында өлтірілді.

Бұдан бұрын АҚШ билігі Кадулидің қайда екені жайлы ақпарат бергендерге 7 млн доллар көлемінде сыйақы тағайындаған.

Кадули ИМ-да дәрежесі жағынан екінші басшы саналды. Топ басы Абу Бакр аль-Багдади өзі және өзінің орналасқан менкенжайы туралы ақпаратты ашпауға тырысады. ИМ-нің көптеген содырлары оны бетпе-бет көрмеген.