Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Америкалық дипломаттардың жанұяларына Ыстамбұлдан кету тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік департаменті Ыстамбұлдағы бас консулдықта жұмыс істеп жатқан дипломаттардың отбасыларына қаладан кетуді тапсырды.

Америкалық дипломаттардың жанұяларына Ыстамбұлдан кету тапсырылды

Тиісті ескерту ведомство сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Мұндай шешім Ыстамбұл аудандарында америкалық азаматтарға экстремистік топтардың шабуыл жасау қаупінің артуына байланысты қабылданғаны айтылып отыр. Бұл шешім Түркиядағы өзге дипломатиялық өкілдіктерге емес, нақты Ыстамбұлда орналасқан бас консулдыққа қатысты.  

Ведомство соңғы кездері орын алған лаңкестік шабуылдарды еске салды.  Сондай-ақ олар Түркия билігі уақытша ұстауға алынған немесе тұтқындалған америкалықтардың консулмен байланысу құқығына тосқауыл болып отырғанын немесе оның кешіктірілуіне жол беріп жатқанын атап өтті.