Америкалық Диснейлэндке 22 жыл бұрынғы билетімен кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 жастағы америкалық Челси Хёрлайн (Chealsea Herline) АҚШ-тың Флорида штатындағы Disney World ойын-сауық паркіне оған сыйға берілген 1994 жылғы билетпен кірді, деп хабарлайды Upworthy басылымы.

Америкалық Диснейлэндке 22 жыл бұрынғы билетімен кірді

Ойын-сауық орталығының әкімшілігі қыздың төрт жасында ауырып қалып толық пайдалана алмаған билетін әлі күнге дейін жарамды деп тапты.

Челсиге төрт жасында әкесі Disneyland паркіне төрт күндік билет сатып әпереді. Алайда қыз ауырып қалып билеттің соңғы күні пайдаланылмайды. Арада 22 жыл өткен соң Челсидің әкесі сейф түбінде қалып қойған билетті тауып алып, атақты парк жақын орналасқан Орландоға бара жатқан қызына береді.

Қыз паркке келгенде билет тексерушілер ескі билетті көріп таң ақалады. Алайда Disneyland әкімшілігі билет өз құнын жоғалтпағандығын мәлім етіп, оның жаңасын қызға табыс етеді де қызды ойын-сауық орталығына кіргізген.