Америкалық фермерлер сиырларын жылы киіндіріп жатыр - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка фермерлері үй жануарларын қыстан аман алып қалу үшін жылы киіндіріп жатыр, деп жазады «МИР 24» арнасы.
Күннің қатты суытуына байланысты олар малдарына арнайы термокиімдер тіктіріп, киіндіріп қойған. Бұл арнайы киімдер жануарлардың арқаларын толық жауып тұрады. Сиырларға тіпті баскиім де кигізіп қойғандар бар.
Ал метеорологтар болса, боран соғып, жел күшейеді деп дабыл қағуда. Желдің күші сағатына 90 шақырымнан асады деп болжанып отыр. Қатты жел америкалық аграрлық кешендерге өз кесірін тигізуі мүмкін.