Америкалық ғаламшараралық зонд Жерге ең қауіпті нысанға жол тартты

АСТАНА. Қазақпарат - Бүгін АҚШ ӘӘК 45-ші Ғарыш қанатының жауынгерлік есебінің қолдауымен United Launch Alliance компаниясының командасымен OSIRIS-REx ғаламшараралық зондпен Atlas-5/411 зымыран тасығышының ұшырылымы орындалды, деп хабарлады «Новости космонавтики» сайты.

Америкалық ғаламшараралық зонд Жерге ең қауіпті нысанға жол тартты

Centaur жүрдек блогынан бөлінгеннен кейін  ғарыш аппараты Жер үшін ең қауіпті нысандардың бірі болып табылатын  астероид Беннуге (1999 RQ36) бет алды.   

Астероидқа аппарат 2018  жылы жетуі тиіс болатын. Зонд оларды одан әрі Жерге жеткізу үшін аспан денесі бетінен 60 грамнан 2 келіге дейін үлгілер жинау қажет.   

Аппарат Бенну үстіне қонбайды. Оның орнына ол оған біраз уақытқа үш метрлік жылжымалы TAGSAM  «қолын» түсіреді. Ол ғарыш денесінің бетінен материалдың арнайы бөлшегін алады. Оны сұйытылған газ көмегімен көтеру жоспарлануда. Үлгілерді жерге 2023 жылы жеткізу жоспарланған.