Америкалық иллюстратор Геннадий Головкинді Бэтмен кейпінде бейнеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық иллюстратор Coyote Duran Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті Бэтмен және Робин кейпінде бейнеледі, деп хабарлады Sports.kz.

Америкалық иллюстратор Геннадий Головкинді Бэтмен кейпінде бейнеледі

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездесуге дайындалып жатыр. Жекпе-жек 23 сәуірде өтеді.

Геннадий Головкин үшін бұл кәсіби карьерасындағы 35 жекпе-жек болады. Доминик Уэйд 18 кездесудің 18-де жеңген, солардың 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады.

Головкин және Гонсалес 23 сәуірде Лос-Анджелесте бір бокс кеші аясында мүмкіндігін көрсетеді.