Америкалық қаланың тұрғындарына жағымсыз иіспен жүруге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Бьюриэн қаласында көптеген азаматтарды таңғалдырған заңды қабылданды.
Жаңа заңға сәйкес, жағымсыз иіс шығып тұрған адамдарға қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. Бьюриэн билігі: бұл заң жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен тыныштығын сақтауға мүмкіндік береді, - дейді.
Росбалттың жазуынша, жеке тазалықты сақтамаған азаматтарға айыппұл салынбақ. Сонымен қатар, бейпіл сөздерді айтқандарға қатысты да ірі көлемде айыппұл қарастырылған.
Құқық қорғаушылар жаңа заңға сәйкес өздерінің наразылығын білдіріп үлгерді. Олардың пайымынша, бұл құжат конституцияға қайшы келеді және үйсіз адамдардың құқығын шектейді.