Америкалық қаңғыбастың қайыр тілеп алған 100 долларын қайда жұмсағаны блогерлерді таңғалдырды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестегі бейнеблогер Джош Пэлер Лин әлеуметтік зерттеу жүргізбекші болды. Ол қайыр тілеп отырған үйсіз-күйсіз Томасқа 100 доллар береді.

Америкалық қаңғыбастың қайыр тілеп алған 100 долларын қайда жұмсағаны блогерлерді таңғалдырды - ВИДЕО

Сөйтіп оның ақшаға не сатып алатынын білмекші боп, артынан аңдиды.

Қаңғыбас ақшасын ішімдікке жұмсамай, көп қылып азық-түлік сатып алады. Сөйтіп оны өз сияқты үйсіз жүргендерге таратады. Таң қалған автор оған тағы 100 доллар береді де, оның көшеде жүруіне не себеп болғанын сұрайды. Томас науқас ата-анасын бағу үшін жұмыстан шығып кеткен екен. Олар қайтыс болған соң, ер адам үйінен айырылып, қаңғып қалған.

Бұл жағдайды естіген блогер Томастың өмірді жаңадан бастағанын қалап, Желіде қаражат жинау науқанын құрады. Жиналған қаражат мәлімделген сомадан жеті есеге асып түсіп, 75 мыңға жуық долларды құрады. Науқан аяқталуға әлі 28 күн бар.