Америкалық қазақ полицей Астанада угандалық боксшымен жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша Астанада өтетін Қанат Ислам айқасының андеркартына жұдырықтасатын Димаш Ниязовтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нью-Йорк қаласының полициясы Димаш 15 кездесуінде 29 жастағы угандалық боксшы Чарлес Мулиндвамен қолғап түйістіреді. Чарлес кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2012 жылы 26 желтоқсан өткізіп, 12 кездесуде жеңіске жетсе, 3 рет жеңіліп, 1 рет қарсыласымен тең түскен.
Отандасымыз соңғы кездесуін 16 маусымда доминикандық Рамон Геварқа қарсы өткізіп, бесінші раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, Димаш - Чарлес жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланып отыр.
9-қыркүйекте Астанада өтетін кеште қазақстандық Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукке қарсы бəсекеде өзіне тиесілі WBA Inter-Continental жəне WBA-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атағын қорғайды.
Сондай-ақ осы шарада көрермендер Жанқош Тұраров, Жəнібек Əлімханұлы, Али Ахмедов, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов жəне Нұрсұлтан Жанайбаев сынды мықты боксшыларының өнерін тамашалай алады.