Америкалық компания қызметкерлерінің денесіне чип орнатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Three Square Market технологиялық компаниясы қызметкерлерінің терісінің астына микрочип орнатпақ. Чип көмегімен кеңсе есігін ашуға, компьютерді қосуға және автоматтан тамақ алуға болады, деп хабарлайды CNBC .

Америкалық компания қызметкерлерінің денесіне чип орнатпақ

Компанияның вице-президенті чип орнату қызметкерлердің өз еркімен жүзеге асырылатынын мәлім етті. Оның айтуынша, қазір 80 қызметкердің 50-і осыған келісімін берген.

Бидайдың дәніндей чип шприц  арқылы бас бармақ пен сұқ саусақ арасына тері астына енгізіледі. Қызметкерлерге бұл тегін жасалуы керек, алайда компания әр чипті орнатуға 300 доллардан төлейді.