Америкалық құпия орбиталық ұшақ екі жылдан соң жерге оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық эксперименталдық  орбиталық    X-37B  ұшағы  екі жылға созылған пилотсыз ұшырылымды сәтті аяқтады.
None
None

Ұшақ 7 мамырда Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш  шаттлге арналған және бағдарлама жабылған сәттен бастап пайдаланылмаған жолаққа қонды.

Ұшақ 2015 жылы мамырда «Атлас-5» зымыран тасығышы көмегімен сол Канаверал мүйісінен  орбитаға шығарылған.  Ол орбитада 700 тәулікке жуық болды.

Ұшақ америкалық әскери-әуе күштерінің жедел ден қою күштеріне эксперименттер жүргізді.

Ұшырар алдында эксперименттер жаңа иондық қозғалтқыш жасау бойынша жұмыстар аясында жүргізіліп жатқаны хабарланған. Алайда егжей-тегжейлі ақпарат құпияландырылды.

Осы зерттеу аясында  X-37B ұшағының орбитаға төртінші ұшырылымы жүзеге асырылды, қазіргі сәтте бұл ең ұзақ ұшырылым.  

Орбиталық   X-37 ұшағы    1999 жылы жасалды. Ол ғарышта жерсеріктерді жөндеу үшін пайдаланылады деп күтілген. Алайда бағдарлама америкалық ӘӘК-ке беріліп, құпияландырылды.  

Соңғы жаңалықтар