Америкалық лингвист қазақ тілін ультрадыбыстық технология арқылы зерттеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық лингвист ультрадыбыстық технологиямен қазақ тілінің сөйлеу ерекшеліктерін анықтады, деп хабарлайды Хабар24 .
Жас профессор, Суортмор университеті лингвистика кафедрасының доценті Джонатан Вашингтонның қазақ тіліне деген қызығушылығы ерекше. Ол докторлық диссертациясын қорғап, қазақ тілінің шығу тарихын тереңірек зерттемек.
Ол осы оқу ордасында фонетика мен фонологияны зерделеп, компьютерлік лингвистика жасайды. Қазақстанға 2004 жылы келгенде, Брэндай университетін бітірген кез еді. Түркологияға қызығушылық танытқанымен, дипломдық жұмысын қазақ тілінің ерекшеліктеріне арнады. Магистратурада оқып жүргенінде түрік әлемін терең зерттей бастады.
«УЗИ аппаратымен қарауға болады. Алдымен сұйықтықты құямыз. Осы технология арқылы дауысты дыбыс пайда болады. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл тілдің алдыңғы және артқы бөлігі. «О» әріпін айтқанда алға қарай шығады»,-дейді лингвист маман, профессор Джонатан Вашингтон.
Джонатан қазақ тілінің латын қарпіне көшуі турасында пікір білдірді. Осы орайда әлемдік тәжірибеге сүйенуге кеңес береді.