Америкалық мұражай Поля Сезанның картинасын $100 млн долларға сатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Детройтта (Мичиган штаты) орналасқан Эдсел мен Элеонора Форд мұражайы өткен жылы коллекциясындағы француздық суретші Проя Сезанның картинасын 100 млн. долларға сатты.
Бұл туралы бүгін Detroit Free Press газеті жазды.
Шамамен 1904 жылы салынған «Шато-Нуар тоғайынан Сент-Виктор тауына қарағандағы көріністер» деп аталатын туындының жаңа иегерінің аты аталмай отыр.
Басылым Детройт өнер институтына тиесілі шығарманың сатылуы қандай да бір мәселе туындамау үшін құпия болғандығын атап өткен.