Америкалық музыкант Алматы көшелерінің шуын әнге қосты

Белгілі музыкант Fresh Big Mouf (лақап аты) Аарон Хатч Қазақстанға GoViral фестиваліне келген. Ол базардағы таразы, канат жолдары, Алматы желінің ысылдаған дыбысын, таксофон дүңгіршегінің дыбысын пайдаланған.
Композиция Beat Scout стилінде жазылған.
«Мен күнделікті көріп жүрген заттардан әуен шығарамын. Жүк көліктері, тамақ ішетін орындар тіпті кез келген нәрседен шығаруға болады. Осының бәрін мен өзімнің телефонымда жасаймын», - деді Fresh Big Mouf.
Райхана Мухлис алматылық ару. Бала кезінен музыкамен әуестенген. Тек биылдан бастап кәсіби түрде айналыса бастады.
Биыл қыста ол өзінің бірінші «Навсегда» синглін шығарды. Сонымен қатар, ізінше Feel Me және No More синглдерін жазып шықты.
17 жасынан Нью-Йоркте тұратын Райхана әндерін ағылшын тілінде жазып келеді.
«Мені GoViral Kz жобасына қатысуға шақырды. Сосын ұйымдастырушылар Fresh Big Mouf туралы айтып, YouTubeтағы музыкасын таныстырды. Маған оның жұмыстары өте ұнады. Ал оған да өз кезегінде менің әндерім ұнап қалған. Екеуіміз бірігіп жұмыс жасай бастадық. Аарон екеуміз біріншіден әнге кавер нұсқа жаздық. Ұзақ іздеуден соң әйтеуір Logic ft. Alessia Cara - 1-800-273-8255 композициясын таңдадық. Бұл ән Ааронға да, менің табиғатыма да де жақын болды», - деді Райхана Мухлис.
Шығармашылық жұпқа бейнебаянды түсіруге 2 күн уақыт кеткен.
Музыка авторы Аарон өзі болса, әннің сөзін Logic ft. Alessia Cara жазған.
Арасында Ааронның сөзіне жазылған рэп бар.
«Ол Америкадан келе салысымен студияға барып ән жаздық. Аарон мен оның операторы Ларс өте көңілді адамдар. Олар маған бұрын-соңды мен өзім көрмеген жерлерді көрсетті. Мәселен Көктөбеден қарағанда қаланың көрінісі керемет», - деді Райхана Мухлис.
Әнші Райхан Мухлис Jazzystan, Almaty Pop Up Store және GoViral Kz жобаларына қатысқан. Биыл жазда оның мультимедиалық альбомы жарық көреді.