Америкалық өзін-өзі қорғау үшін тасбақаны балғамен өлтіргенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық өзін-өзі қорғау үшін тасбақаны балғамен өлтіргенін айтты. Ер адамның сөзіне қарағанда, тасбақа жармасқан балық аулау ілмегін қайтармақ болған, алайда жануар оның қолынан бірнеше рет тістеген.
55 жастағы Техас тұрғыны Терри Вашингтон өзін-өзі қорғау үшін тасбақаны балғамен өлтіргенін айтты. Бұл туралы The Sun британиялық таблоидынан хабарланды.
Тасбақаны өлтіріп жатқан сәтін сол жермен өтіп бара жатқандар видеоға түсіріп алды. Олардың сөзіне қарағанда, Вашингтон саналы түрде тасбақаны судан шығарып, кейін оны балғамен ең кемі он рет соққылаған.
Ер адам өз кінәсын мойындамады. Балық аулау ілмегін қайтарғысы келгенін айтты. Терридің досы полицейлерге айыпталушы тасбақа балықтарды үркіткені үшін шамданғанын айтты, деп жазды life.ru/t.