16:55, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Америкалық Spectral Capital Corp Қазақстандағы ірі алтын-мыс кен орынын игеру жобасының 65% үлесін сатып алды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық Spectral Capital Corp Қазақстан аумағындағы ірі алтын-мыс кен орынын игеру жобасының 65% үлесін сатып алды,

- делінген www.financialpost.co. интернет-ресурсында басылған компанияның мәлімдемесінде, деп хабарлайдыBNews.kz.
Spectral келісімнің егжей-тегжейін жасырмайды, бірақ келісімшарттың талабына сәйкес, компания 5 жылдың ішінде кен орынын игеруге $200 млн. салады және өндірілген алтынға 1% роялти төлейді, сөйтіп әлеуетті инвесторларға өзінің 5 млн. акцияларының әрқайсысын $3,5-ға бағалап, таңдау беріп отыр.
Spectral-дың бас директоры Дженифер Остервалдердің (Jenifer Osterwalder) сөзіне қарағанда, «компания Қазақстан билігі тарапынан барлық қажетті шешімге ие , өйткені кен орны алтын өндіруге 2011 жылы дайын болады».