Америкалық спортшы 100 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық спортшы Тори Боуи 100 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды.
Финалдық жарыста Боуи қашықтықты 10,85 секундта еңсерді. Күмісті ивуариялық Мари-Жозе Та Лу (10,86), қоланы Нидерланды өкілі Дафну Шипперс (10,96) алды.
Жеңіл атлетика. Әлем чемпионаты. Лондон, Ұлыбритания.
Әйелдер. 100 метр
1. Тори Боуи (АҚШ) -- 10,85.
2. Мари-Жозе Та Лу (Кот-д'Ивуар) - 10,86.
3. Дафне Шипперс (Нидерланды) - 10,96.