Америкалық тергеушілер Усама бен Ладеннің Пәкістандағы жесірлерінен жауап алды

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Америкалық тергеушілер Усама бен Ладеннің Пәкістандағы жесірлерінен жауап алды,

Америкалық тергеушілер Усама бен Ладеннің Пәкістандағы жесірлерінен жауап алды

деп хабарлайды РСН CNN телеарнасының дереккөздеріне сілтеме жасап.

«Усама бен Ладеннің үш әйелінен Пәкістан барлау қызметтерінің бақылауындағы Америка барлау қызметкерлері жауап алды», - деп мәлімет береді екі үкіметтегі дереккөздер.

Дереккөздердің сөзіне қарағанда, әйелдердің америкалықтарды «атуға оғы жоқ». Барлық үш әйелдiң атынан үлкен әйелі сөйледі, деп хабарлайды CNN әңгімелеушісі. Америкалық тергеушілердің әрбір әйелден жеке-жеке жауап алғысы бар, бірақ Пәкістан билігі әзірге оған рұқсат берген жоқ.

Бен Ладеннің бес әйелі және 20-ға жуық баласы бар. Жесірлердің ең жасы 29 жаста, ол америкалық әскерилердің рейді кезінде аяғынан жараланған болатын.