Америкалық жасөспірім жер шарын шарлаған ең жас ұшқыш атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Дакота шататының тұрғыны 19 жастағы Мэтт Гатмиллер бір моторлы ұшақпен шамамен 46 мың шақырымдай жерді жалғыз өзі ұшып өтті. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
31 мамырда ұшуды бастаған Гатмиллер кеше түнде Калифорния штатындағы Гиллеспи Филд әуежайына қонды. Жас ұшқыштың соңғы сапары 16 сағатқа созылған. Ол Тынық мұхитының үстенен ұшып өтті.
Бірақ, оның бұл ерлігі әлі ресми тіркелген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай рекордты 19 жасында австралиялық ұшқыш Райан Кэмпбелл жасаған болатын. Бірақ, америкалық ұшқыш одан сәл кіші болып шықты. Гатмиллер 19-ға тек, 24 шілдеде толады екен.