Америкалық жаттықтырушы Головкин «Канеломен» айқас үшін Джейкобсқа «берілді» деп есептейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық жаттықтырушы Рамон Мэттьюс ITRBoxing-ке берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-2, 29 КО) болған айқасында неліктен әдеттегіден сенімсіз болғандығын болжады, деп хабарлайды Sports.kz.

Америкалық жаттықтырушы Головкин «Канеломен» айқас үшін Джейкобсқа «берілді» деп есептейді

«Головкин алғашқыда Келл Брукпен болған жекпе-жектегідей сенімді болмады, өзін ұрғызды - оған соққы беруге болатынын көрсетті. Дэнни он екінші раундқа дейін жеткен Дэниэл Джейкобспен болған айқаста да. Головкин Сауль Альварес «Канеломен» рингте кездесу үшін осылай әдейі жасаған деп ойлаймын . Билли Джо Сондерстің өзі Головкинді жекпе-жекке шақырғанда, не туралы айтуға болады! Ол бәрін алдап, кейін өзінің шынайы бейнесін көрсеткісі келеді!», - деп есептейді Мэттьюс.