Америкалықтар Элвис Преслидің 80 жасын атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қаңтарда «рок-н-ролл королі» Элвис Преслиге 80 жас. Таңертеңнен бастап, музыканттың жанкүйерлері америкалық Мемфис (Теннеси штаты) қаласындағы «Грейсленд» қонысына жиналып жатыр, деп хабарлады ТАСС.

Америкалықтар Элвис Преслидің 80 жасын атап өтеді

Онда олар мерейтойыға арналған шараны үлкен торт кесу рәсімінен бастамақ. Оған Преслидің зайыбы Присцилла Пресли қатысады. Салтанатты кеш «Грейсленд» интернет-сайтында тікелей эфирден көрсетіледі.

Содан кейін, Мемфисте Пресли өмірі мен шығармашылығына арналған бірқатар жиындар өтеді.

Еске алауға арналған мерейтой аясында бәссауда да ұйымдастырылып, оған Пресли есімімен байланысты 70 зат сатуға шығарылады. Атап айтқанда оның алғашқы музыкалық жазбасы сатылады деген болжам бар.

Forbes деректеріне сүйенсек, өткен жылы Пресли мұрагерлері оның еңбектері арқасында 50 млн. доллардан астам пайда тапқан.

«Рок-н-ролл королі» 1977 жылы 16 тамызда 42 жасында қаза тапқан.