Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Америкалықтар қармақ бауға оралып қалған бірқазанды босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі америкалық тұмсығына балық аулайтын қармақ бауы оралып қалған бірқазанды босатты. Бұл туралы 28 наурызда Daily Mail басылымы хабарлады.

Америкалықтар қармақ бауға оралып қалған бірқазанды босатты

Ер адам жағалауда бірқазанның тұмсығында бірдеңе ілініп тұрғанын байқап қалады, жақындап қараса, қармақ бауы. Оған көмектеспегенде, құс аштан өлер еді.

Ер адамның бірі бұғып барып, бірқазанның аяғынан ұстап алады. Ол жұлқынған құсты жерге қысып ұстап, жолдасы бауды пышақпен кесіп алып тастады. Босатылған бірқазан дереу ұшып кетті.