Америкалықтар суға батқан испандық галеонның қазынасын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флориданың қазына іздеген жанұясы испандық галеонның алтын бұйымын тапқанын хабарлады.

Америкалықтар суға батқан испандық галеонның қазынасын тапты

Шмиттің жанұясы Орландода WKMG арнасында хабарландыру жасады. Олардың айтуынша, 1715 жылы Пирс Фортының маңында батып кеткен кемеде болған алтын бұйымды тапқан. Кеме Латын Америкасындағы колониядан Испанияға алтын тасымалдаған кезінде батып кеткен, деп жазды Noticia порталы.

Бұл мұндағы алтын бұйымдар табылуының алғашқы жағдайы емес. Өткен жылы Флорида тұрғындары құны жарты млн. долларды құрайтын алтын алқа мен шақаларды тапқан, делінген американдық ақпарат көздерінде.

Шмитт отбасының Флорида аймағында қазына іздейтін арнайы компаниясы бар.

"Осыдан пайда табу мақсатын алдымызға қоймадық. Бұл біздің сүйікті ісіміз. Тарихты қалпына келтірмекпіз ", - деді Хиллари Шмитт.