Америкалықтар сүтке арналған «ақылды құман» ойлап тапты

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Американдықтар «тұрмыстық инновация» байқауы аясында сүтке арналған Milkmaid Jug «ақылды құман» ойлап тапты. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Америкалықтар сүтке арналған «ақылды құман» ойлап тапты

CNews.kz хабарлауына қарағанда, GE(General Electric) және Quirky компаниялары бірлескенge.quirky. com интернет- сайтын іске қосқанын және онда «тұрмыстық инновацияға» байланысты байқау өтетінін жариялаған.

Сайтқа енушілердің әрқайсысы қандай заттың күнделіктік тұрмыста кәдеге жарайтынын бірақ ол жасалмағаны туралы пікірін білдіре алады. Ал өзгелері көңілдерінен шыққан идеяға дауыс береді. GE және Quirky компаниялары өз кезегінде оны іске асырады.

Аталған компаниялардың жүзеге асырған алғашқы бастамалары сүтке арналған «ақылды құман» болды, бұл жаңашылдық online-дауыс беру нәтижесінде ең жоғары ұпай жинапты. Сүттің жағдайынан толық ақпарат беретін құман көпшілік үшін ең қажетті гаджет екен. «Ақылды құман» сүттің жағдайы туралы iPhone арнайы қосымшасы арқылы хабарлайды. Ыдыстың түбінде температура мен қысым сенсорлары орнатылған, сондай - ақ датчиктер сүттің қышқылдығын да анықтайды. Гаджеттің қашан жасалып шығарылатыны және оның бағасы туралы әзірге ақпарат жоқ.