Америкалықтардың аузын аштырған НЛО аппараты туралы пікір өтірік болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штаты Конкорд қаласының тұрғыны аспаннан ерекше құбылысты бейнекамерасына түсіріп алған. Видеодан бірнеше жарық нүктелер бұлт арасынан көрінген. Бұл бейнені ол әлеуметтік желі арқылы таратып, соңында оған қатысты ғалымдардан нақты жауап алды, деп жазады 31tv.ru.
None
None

Жазба 25 қыркүйекте жасалған. Келесі күні ол ғаламторда жарияланып, пайдаланушылар оны біраз талқылады. Аспандағы ерекше құбылысты жалғыз ол емес, мыңдаған америкалық көргенін айтып жатты. Көпшілігі оны өзге планеталықтардың ұшу аппараты деген болатын. Алайда, ғалымдар бұл фантастикалық ой-тұжырымды жоққа шығарды. Сөйтсе, бұл «құбылыс» - Канавералдан ұшырған «Атлас» зымыран-тасығышы екен. Зымыран ұшқанда соңынан көп мөлшерде газ қалдырып, күн сәулесіне шағылысып жарық болып көрінген.

Соңғы жаңалықтар