Американ ғалымдары адамдардың ұйқы генін тапты - "Индепендент" газеті

АСТАНА.  Тамыздың   18-і.  ҚазАқпарат -   Американдық  ғалымдар  ұзақ жылғы    зерттеулердің  нәтижесінде адамның  ұйқы генін тауып  отыр.  

Американ   ғалымдары  адамдардың  ұйқы генін тапты - "Индепендент"   газеті


 Бұл  жаңалықты     Калифорния университетінің  ғылыми тобы ашты,  деп    хабарлайды     лондондық "Индепендент"  басылымы.

 Әлемдік  ғылым     адамның  ұйқы   мұқтаждығын  және оның   ұзақтығын анықтайтын       геннің  немесе  гендер тобының  болу  ықтималдығын  ұзақ   жылдар бойы     болжап келді. Бірақ та,      ол   енді  табылып отыр.   Бұл жаңалық     мүшелері    «құс  ұйқымен»   шектелетін     американдық  отбасының  қатысуымен   өткен   зерттеу  барысында ашылды.

 Бұл геннің   мутацияға  ұшырап,  адамға  небәрі  4 сағат қана   ұйықтауға мүмкіндік беретіні  анықталып отыр.